ҚР ТСМ, Қаржы департаменті, Бухгалтерлік есеп және бюджеттің атқарылуы басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), УБУИИБ-2 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы мерзіміне 2025 жылғы 18 қыркүйекке дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Cертификаттың бар болуы: Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы сертификаттың болғаны абзал.

Функционалды міндеттер

Министрліктің орталық аппараты және оның комитеттері бойынша жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептілікті жасау, ведомстволық бағынысты мекемелердің жиынтық тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептілігін жасауға қатысу; Министрліктің орталық аппараты және оның комитеттері бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек туралы ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді, Министрліктің және оның комитеттерінің жиынтық есептерін жасау және ұсыну; ведомстволық бағынысты мекемелердің жиынтық тоқсандық және жылдық салық органдары, статистикалық есептер; толық және сенімді бухгалтерлік ақпаратты қамтамасыз ету, жалақы, бюджетке төленетін төлемдер, басқа кредиторлар мен дебиторлармен есеп айырысуды есепке алу, мемориалдық ордерлер жасау. Жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы хат-хабарларымен, хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу, негізгі құралдарды, тауарлық материалдық құндылықтарды жыл сайын түгендеуді жүзеге асыруға қатысу, олардың сақталуын және амортизациялық аударымдардың дұрыс есептелуін бақылау, қажетті жағдайларда негізгі құралдарды қайта бағалау. Бухгалтерлік есепті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мониторингтің жиынтық есептерін, белгіленген мерзімде жасау және ұсыну.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.04.2025 – 08.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

10.04.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Мнистрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында

Анықтама алу үшін байланыс

87172741404