ҚР ТСМ Персоналды басқару департаменті Кадрлық іріктеу және мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), УКОИПГС-1
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Туризм
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметін үйлестіреді және жалпы басшылықты жүзеге асырады; Басшы өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» және Еңбек кодексі талаптарын орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволарымен өзара байланыстарды үйлестіреді; Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыруын қамтамасыз етеді; Министрліктің кадрлық сұранысын жоспарлайды және талдау жүргізеді, ол туралы есепті Департамент директорына енгізеді; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде) есепке алуды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді; конкурстық, аттестаттау, тұрғын-үй және кадр мәселелері жөніндегі өзгеде комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметшілердің персоналды істерін ұйымдастырады (еңбек кітапшаларын, жеке істерін, қызметтік тізілімдерін, жеке сәйкестендіру карталарын және т.б.), Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді іске асырады; Президенттік жастар кадрлық резервшілерді тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілерге тәлімгер тағайындау бейімдеу жұмыстарын жүргізу, сынақ мерзімінен өту жұмыстарын қамтамасыз етеді; Дене шынықтыру және спорт бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына конкурс әңгімелесу кезеңінің алдында министрлікпен жүргізілетін конкурсқа қатысушылармен сұхбатты жүргізуді және оның нәтижесі бойынша қорытындыны жолдауды ұйымдастырады; Мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамуы, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қатысты жұмыстардың жүргізуін қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығымен өзара әрекет орнату жұмыстарын жүргізуін, мемлекеттік қызметшілердің сауықтыру мәселелерін қамтамасыз етеді; Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында орын алуға мемлекеттік қызметшілердің балаларын кезекке қоюды, олардың есебін жүргізуді және кезекте тұрғандар арасында бөлінген орындарды бөлуді ұйымдастыру; Министрліктегі «А» корпусы мен саяси мемлекеттік қызметшілерге тағайындау, босатуға қатысты ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияға, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесіне жолданылуын ұйымдастырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты сапалы және уақытылы есептердің дайындалуын қамтамасыз етеді; Министрлікте әскери міндеттілер мен шақырушыларды есепке алу, жөнінде жұмысты жүргізуді ұйымдастырады, әскери қызметке міндетті адамдарды броньдауды жүзеге асыруын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын үйлестіреді, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдауды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларына орындау мақсатында министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді; «Е–қызмет» БАЖ мәліметтерін енгізу бойынша жалпы қадағалау жүргізеді; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және мониторинг жасайды; Департамент құзыреті шегінде салтанатты іс-шараларды ұйымдастырады; мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйесінде) арқылы жүргізеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтайды және қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өз саласында ақпараттық технологияларды қолдану және қызметті автоматтандыру (цифрландыру) бойынша жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады (қажет болған жағдайда); өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге. Бағынысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алады; өз құзыреті шегінде Басқарма жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерді қарау, сондай-ақ құжаттардың сапалы және уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады; Департамент директоры уақытша жұмыста болмаған кезде Министрліктің аппарат басшысының бұйрығына сәйкес оның міндеттерін, сондай-ақ басқарманың бас сарапшыларының бірі жұмыста уақытша болмаған кезде олардың міндеттерін атқарады; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс істейді; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жария етпеуге міндетті; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.kasimova@tsm.gov.kz
- 17.03.2025
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Мнистрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында
-
87172743859