ҚР ТСМ, Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), УСП-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Жалпы біліктілік талаптары

   С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және оған жалпы басшылықты жүзеге асыру; Басқарманың функциялары мен міндеттерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз ету; Даму жоспарын (стратегиялық жоспарды), Министрліктің операциялық жоспарын әзірлеу және іске асырылуын мониторингтеу; Жетекшілік ететін аяларды/салаларды, ұлттық жобаларды және Министрліктің мемлекеттік бағдарламаларын дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеуге және іске асырылуын мониторингтеуге қатысу; Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу; Министрліктің құзыреті шегінде Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) құжаттарына ұсыныстар қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Министрліктің даму жоспарына енгізілген нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін есептеу әдістемесін әзірлеуін ұйымдастыру; Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды талдау және мониторингілеу; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын келісу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Министрлік жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік саясатты жетілдіру аясында ұсыныстар, ұсынымдар және стратегиялық шешімдер әзірлеуді ұйымдастыру; Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік органды одан әрі оны дамыту бойынша ұсыныстарды Министрлік басшылығының қарауына енгізу; Туризм және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру; Министрліктің негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жиынтық жұмысты жүзеге асыру; Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға және әзірлеуге қатысу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құпия іс қағаздарын жүргізу; Департаменттің, басқарманың жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялар және жұмыс топтарына қатысу; Басқарма құжаттарының, басшылықтың тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік әдепті сақтау; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген уақыт ішінде жария етпеу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету; Өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.01.2025 – 22.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

24.01.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8 даңғылы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында

Анықтама алу үшін байланыс

74-14-07