ҚР ТСМ, Қаржы департаменті мемлекеттік активтер мониторингі басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), УМГА-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Министрліктің қарамағына берілген мемлекеттік активтерді басқару бойынша жиынтық-талдамалық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік активтерді тиімді басқару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Министрлікке ведомстволық бағынысты акционерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысының құзыретіне кіретін мәселелерді қарау, сондай-ақ Министрлікке ведомстволық бағынысты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Байқау кеңесінің, акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын мәселелерді қарауға қатысу; ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарларын қарау және талдау; мемлекеттік активтерді тиімді және сапалы басқару мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың ішкі құжаттарына өзгерістерді қарау (Жарғы, Министрлікке ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесі туралы ереже, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Байқау кеңесі туралы ереже); бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мониторингтің жиынтық есептерін жасау және белгіленген мерзімде ұсыну. Министрлікке ведомстволық бағынысты Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшыларын сайлау мәселесі бойынша жалғыз акционердің шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу; министрлікке есеп беретін Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметіне қатысты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің жобаларын қарау, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне қатысты министрлікке келісуге енгізу. Басқарманың құжаттамалық айналымын жүргізуге қатысу; Басқарма әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын актілерге құқықтық мониторинг жүргізу Нормативтік құқықтық актілердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қабылдайды. Құжаттарды электрондық форматта қалыптастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.01.2025 – 22.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

24.01.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел 8 даңғылы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында

Анықтама алу үшін байланыс

74-14-07