ҚР ТСМ, Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті, Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік), УЦТИРГУ-3
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
Функционалды міндеттер
Басқарма, департамент және Министрлік басшылығының тапсырмалары мен бұйрықтарын уақтылы және толық көлемде орындау; Басқарманың құзыреті шегінде ғылыми-практикалық конференцияларға, Конгрестерге, симпозиумдарға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және жұмысты ұйымдастыруға қатысу; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін өзектендіру және толықтығы үшін НҚА түгендеу жүргізу арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзектендіру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында «жасырын қызметтерді» анықтау; мемлекеттік қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігіне және тұтынушылардың Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуына мониторинг жүргізуді бақылауды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнінде тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ету; Министрлік қызметінің тиімділігін бағалаудың «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша жұмыстар жүргізу және материалдар дайындау; «Электрондық үкімет» архитектуралық порталының» мәліметтерді есепке алу бөлімінде ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру; Министрліктің ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді және ішкі құжаттарды әзірлеу; Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, қорытындыларды, сондай-ақ комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жарияланымдар мен сөз сөйлеулер үшін материалдарды дайындауға қатысу; Құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау; өз құзыреті шегінде басқарма жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарайды, сондай-ақ құжаттардың сапалы және уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.balgabekova@tsm.gov.kz
- 02.09.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 741084