ҚР ТСМ, Туризм индустриясы комитеті, Туризм саласындығы жүйелі шараларды іске асыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 бірлік), УРСМВСТ-2
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Парламенттің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Министрдің, жетекшілік ететін Вице-министрдің, Комитет төрағасының, Комитет төрағасының орынбасарының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындау, оның ішінде Комитеттің құзыретіне кіретін стратегиялық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; туристік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу; туристік саланы дамытудың стратегиялық көрсеткіштерін әзірлеу; туризм саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған шараларды іске асыру; ішкі және келу туризмін дамыту саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; дербес құрамды және туризм жөніндегі Кеңес туралы ережені әзірлеу және бекіту үшін ұсыну; өңірлердің туристік әлеуетін дамытудың тиімділігін қамтамасыз ету; туристік саланы дамыту жөнінде ұсыныс әзірлеу; бюджеттік өтінімдерді, техникалық ерекшеліктерді әзірлеу, туристік саланы дамыту мәселелері бойынша, оның ішінде өңірлер бөлінісінде статистикалық деректерді жинауды, жүйелеуді және талдауды ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде техникалық тапсырмаларды орындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.balgabekova@tsm.gov.kz
- 17.07.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында
-
8 (7172) 741084