ҚР ТСМ, Қаржы департаменті, Бухгалтерлік есеп және бюджеттің атқарылуы басқармасының басшысы, С-3 санаты, (1 бірлік) УБУИИБ-1
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Cертификаттың бар болуы: Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы сертификаттың болуы міндетті.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шарттарға, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге өтінімдерге, хабарламаларға, төлем шоттарына және басқаларына екінші қол қою құқығы. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру, қызметіне басшылық жасау, Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Министрліктің орталық аппараты мен оның комитеттерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ету, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының нысаналы, ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру, бухгалтерлік құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жасалатын шаруашылық операцияларды есепке алуда дұрыс көрсетілуін бақылау, қаржыландыру жоспарларының орындалуына талдау жүргізу Министрліктің орталық аппараты және оның комитеттері бойынша; Министрліктің орталық аппараты және оның комитеттері бойынша тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептілікті жасау, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жиынтық тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептілігін жасау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсыну; мемориалдық ордерлер жасау және Министрліктің және оның комитеттерінің бас кітабын жүргізу; міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын түзету бойынша ұсыныстар дайындау; негізгі құралдардың сақталуына және амортизациялық аударымдардың дұрыс есептелуіне бақылауды жүзеге асыру, қажетті жағдайларда негізгі құралдарды қайта бағалауды жүргізу; толық және дұрыс есепке алу-бухгалтерлік ақпаратты қамтамасыз ету, жалақы, бюджетке төлемдер бойынша, басқа кредиторлармен және дебиторлармен есеп айырысуларды есепке алу; жеткізушілермен және мердігерлермен өзара есеп айырысуларды салыстыру; іссапар шығыстарын есепке алу; есеп айырысу бойынша операциялар жүргізу қаражатты уақытша орналастыру шотына, барлық қаржылық операцияларды Қазынашылық және банктер арқылы жүргізу; есеп беретін тұлғалармен өзара есеп айырысуды бақылауды жүзеге асыру. Құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, ағымдағы хат-хабарлармен, жеке және заңды тұлғалардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мониторингтің жиынтық есептерін белгіленген мерзімде бақылау, бекіту және ұсыну. Өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.balgabekova@tsm.gov.kz
- 04.07.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында
-
8 (7172) 741084