ҚР ТСМ, Қаржы департаменті, Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, УБП-2 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Жоспарланған кезеңге арналған барлық республикалық бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындау; оларды бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындау; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, бекітуге енгізу және түзету; ағымдағы нысаналы трансферттер мен дамудың нысаналы трансферттерін уақтылы және тиімді пайдалану бойынша бақылауды жүзеге асыру; ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін жоспарлау үшін талдау жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының штат кестесін әзірлеу мен келісуге қатысу; бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орындалуына Мониторинг жүргізу, сондай-ақ министрліктің бюджеттік бағдарламалар жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігіне бағалау жүргізу, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Президент Әкімшілігімен, Парламентпен, Үкіметпен, орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асыру, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету, өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.balgabekova@tsm.gov.kz
- 04.07.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Zoom платформасында
-
8 (7172) 741084