ҚР ТСМ, Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры ДЦТИРГУ-1, санаты С-1
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
824 323
Жалпы біліктілік талаптары
С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес**.
Ескертпе: ** – конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған жалпы конкурс қатысушылары жоқ болған жағдайда бұл талап қойылмайды.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Математика
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
Функционалды міндеттер
Департамент жұмысына жалпы басшылық жасау және үйлестіру; Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Департаменттің ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету; Министрлік басшылығының тапсырмалары мен бұйрықтарын уақтылы және толық көлемде орындау; Министрліктің цифрлық трансформациясын, оған қажетті құжаттар мен шешімдер жобаларын дайындауды қоса алғанда, іске асыруды жүзеге асыру; Цифрлық трансформацияны іске асыруды мониторингілеу және бағалау үшін қажетті есепті материалдар мен құжаттарды дайындауды жүзеге асыру; Құзыреті шегінде министрліктің қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды уақтылы енгізу бойынша бақылауды жүзеге асыру;Министрліктің ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараны ұйымдастыру бойынша бақылауды жүзеге асыру; Саланы ақпараттандыру, «электрондық үкіметті» енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды үйлестіру; Департамент қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, қорытындыларды дайындауға қатысу; Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асыру; Министрлік қызметінің тиімділігін бағалаудың «Ақпараттық технологияларды қолдану» және «Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасы» бағыттары бойынша Министрліктің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; Министрліктің мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге және жұмысты ұйымдастыруға қатысу; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ету; Министрліктің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуді қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының, сондай-ақ Министрлік басшылығының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау; Департаментке заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.02.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 741084