ҚР ТСМ, Әкімшілік жұмыс департаменті, Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, УГЗ-2
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Министрлікте мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы тиісті заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге; Министрліктің орталық аппаратының, Туризм индустриясы комитетінің және Спорт істері және дене шынықтыру комитетінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыруға; Министрлікте қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурс, аукцион, бір көзден сатып алу, баға ұсыныстарын сұрату әдістерімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етуге; Министрлікте мемлекеттік сатып алуды өткізу үрдісіне қатысуға; Министрлікте мемлекеттік сатып алу шарттарын дайындауға қатысуға; Министрлікте мемлекеттік сатып алу бойынша өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауға; Басқарма құзыреті шегінде Министрлікке республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын және мемлекеттік тапсырыстың орындалуын бақылауға; Заң қызметі департаментіне заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қолдану үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы ақпаратпен материалдарды дер кезінде беруге; Министрлік құзыреті шегінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді сапалы және уақтылы ұсынуға; Министрлік құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу Веб-порталында жұмыс жүргізуге; Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Үкіметке, Президент Әкімшілігіне, орталық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға берілетін ақпараттың уақыттылығы мен сапалығын қамтамасыз етуге; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, өтініштерді және өзге жеке мен заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтініштерін қарастыруға міндетті; Басқарма құзыреті шегінде Министрлікте ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді орныдайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.balgabekova@tsm.gov.kz
- 02.02.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 741084