ҚР ТСМ, Әкімшілік жұмыс департаменті, Құжаттарды қамтамасыз ету және бақылау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, УДОИК-5 (уақытша, негізгі қызметкердің 2025 жылғы 15 желтоқсанға дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Министрлік құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді уақтылы қаралуын бақылауды қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шеңберінде өтініштерді есепке алуды, бақылауды, талдауды, өтініштердің жекелеген санаттарын талдау негізінде жүйелі проблемаларды анықтауды ұйымдастыру; Басқарма құзыреті шеңберінде өтініштермен жұмыс істеу туралы бірыңғай есептік нысан негізінде министрлік жұмысының тиімділігін бағалау; Басқарма құзыреті шеңберінде «е-Өтініш» арнайы модулі шеңберінде келіп түскен өтініштерді талдау негізінде тәуекелдер картасын қалыптастыру; Министрлік басшылықтарының қабылдау кестесін тоқсан сайынғы әзірлеуді қамтамасыз етуге; Министрдің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауын ұйымдастыру; Министрдің азаматтарды қабылдау хаттамасын жүргізу; Басқарма құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ескертулердің тізбесін құруға және құрылымдық бөлімшелерге күн және апта сайын жолдауға; Басқарма құзыреті шеңберінде күн сайын БҚА және е-Өтініш тиісті базаларында құжаттардың орындалу мерзімін ұзартуды немесе бақылаудан алуды жүзеге асыруға; Басқарма құзыреті шеңберінде орындаушылық тәртіп бойынша апта сайын, тоқсан сайынғы есептерді жасауға; Министрлік қызметкерлерінің өтініштерді қарау жауап жобаларын келісу; Басқарма құзыреті шеңберінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарын сақтау бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыруға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттардың және ақпараттардың жобаларын дайындауға; Басқарма құзыреті шеңберінде ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға рәсімдеуді; Басқарма құзыреті шеңберінде құрылымдық бөлімшелермен ұйымдастырушылық жұмыс мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға; Министрліктің Регламентін сақтауға; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.01.2024 – 22.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

24.01.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 741084