ҚР ТСМ, Қаржы департаменті, Бухгалтерлік есеп және бюджеттің атқарылуы басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, УБУИИБ-4
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Cертификаттың бар болуы: Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы сертификаттың болғаны абзал.
Функционалды міндеттер
Министрліктің орталық аппараты және оның комитеттері бойынша жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептілікті жасау, іссапар шығыстарын есепке алу, Министрліктің орталық аппараты және оның комитеттері бойынша қаржыландыруды есепке алу, есеп айырысу шоты, қаражатты уақытша орналастыру шоты бойынша операциялар жүргізу, қазынашылық және банктер арқылы барлық қаржылық операцияларды жүргізу; есеп беретін тұлғалармен өзара есеп айырысуды бақылауды жүзеге асыру, толық және дұрыс есеп Бухгалтерлік ақпаратты қамтамасыз ету, мемориалдық ордерлер жасау, ағымдағы хат-хабарлармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтарға жыл сайынғы түгендеу жүргізуге қатысу, олардың сақталуын және дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу архиві, өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мониторингтің жиынтық есептерін, белгіленген мерзімде жасау және ұсыну.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.balgabekova@msm.gov.kz
- 24.01.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 741084