ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті, Ішкі талдау басқармасының бас сарапшысы санаты C-4, УВА-3
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Туризм
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен олардың қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу; Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Парламенттің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Министрдің, жетекшілік ететін Вице-министрдің, Комитет төрағасының, Комитет төрағасының орынбасарының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды, оның ішінде Комитеттің құзыретіне кіретін стратегиялық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; туристік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу; салалық бюджеттік бағдарламалар жөніндегі Комитеттің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, оның ішінде бюджетті нақтылауға және түзетуге бюджеттік өтінімін жасауға қатысу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін мемлекеттік тапсырма шарттарына техникалық ерекшеліктерді әзірлеу; туристік қызмет саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; туристік қызмет саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуына талдау жүргізу; туристік сала субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларының іске асырылуын бағалауды жүргізу және көрсетілген шаралар бойынша қаржы-экономикалық көрсеткіштерді одан әрі жоспарлау жөнінде ұсынымдар әзірлеу; туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және Комитет құзыреті шеңберінде туризм индустриясын дамытудың тиісті бағыттары бойынша шешімдер әзірлеу; стратегиялық құжаттарды талдау, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарын дамыту бағдарламалары мен жоспарларын қарастыру және олар бойынша ұсынымдар әзірлеу; ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша Қаржылық талдау; тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу; басқармада құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес оларды ресімдеуді қамтамасыз етубасқарма басшысы жұмыста болмаған кезеңде Комитет төрағасының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығына сәйкес оның міндеттерін орындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.balgabekova@msm.gov.kz
- 04.01.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 741084