ҚР МСМ, Экономика және қаржы департаментінің директоры, С-1 санаты (№10-0-01)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

824 323

Жалпы біліктілік талаптары

С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда;

4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

1) Департаменттің жалпы қызметіне басшылықты жүзеге асыру;

2) Министрліктің бюджетін жоспарлау, бухгалтерлік есебін және есеп беруін жүргізу, мемлекеттік активтер мониторингін және бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

3) Министрліктің тиісті кезеңге арналған Бюджеттік бағдарлама жобаларын әзірлеу, бюджетті орындау бойынша жұмысты үйлестіру;

4) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды, мақсатты және үнемді пайдалануды бақылау,

5) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлеуге, бекітуге және түзетуге бақылау жүргізу;

6) ағымдағы нысаналы трансферттер мен дамуға арналған трансферттердің уақытылы және тиімді пайдаланылуын бақылау;

7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлауға талдау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізу, сонымен қатар Министрліктің Бюджеттік бағдарлама жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

8) Министрліктің және оның комитеттерінің штатын келісу; 

9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;

10) жүргізілетін шаруашылық операциялар есебін нақты көрсете отырып, бухгалтерлік құжаттардың дұрыс әрі уақытылы рәсімделуін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйлестіру;

11) Министрліктің орталық аппараты және оның комитеттері бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуына талдау жүргізу,  республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша Министрліктің жылдық есебін дайындау жұмыстарын үйлестіру;

12) Министрліктің тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептерінің жасалу, мемлекеттік мекемелердің жиынтық,  тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептерінің жасалу жұмыстарын үйлестіру және бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органға тапсыру;

13) негізгі құралдарының жыл сайынғы түгендеуіне қатысу, олардың сақталуына және амортизациялық аударымдардың дұрыс есептелуін бақылау, қажет болған жағдайда негізгі құралдарды нарықтық құнына сәйкес қайта бағалау;

14) жеткізушілермен  және мердігерлермен есеп айырысу жұмыстарын үйлестіру, сонымен бірге есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуын бақылауды жүргізу;

15) есеп айырысу және қаражатты уақытша орналастыру шоттарындағы операцияларын жүргізуді бақылау;

16) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне мониторингі ұйымдастыру;

17) Министрлік және оның комитеттерінің ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың жалпы жиналысының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүшелерінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесінің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Бақылау кеңестерінің қарауына шығарылатын мәселелерді қарауға қатысу;

18) Министрлікке және оның комитеттерінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ішкі құжаттарын (Жарғы, Министрлікке ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесі туралы ереже, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Бақылау кеңесі туралы ереже) қарауға қатысу;

19) Министрлікке және оның комиттерінің ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңесінің құрамы бойынша Министрдің бұйрығын әзірлеуге қатысу.

20) Министрлікке ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшыларын сайлау бойынша жалғыз акционер шешімінің жобаларын келісу;

21) Министрліктің операциялық жоспарын әзірлеуге қатысу;

22) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Үкіметке, Президент Әкімшілігіне, орталық мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға ұсынылатын ақпараттың уақытылығы мен сапалылығын бақылау;

23) Департамент қызметкерлерімен орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылау; Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы бойынша және шет елдерге іссапарлары туралы ұсыныстар енгізу;

24) Департамент қызметкерлері қызметтерінің тиімділігін бағалау  жүргізуді, мемлекеттік орган бюджетінің қаражатын басқару тиімділігін бағалау жөніндегі есептерді тапсыру бойынша бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

25) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша алқа шешімдерінің, Министрдің бұйрықтарының, өкімдерінің және тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

26) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің мүдделерін білдіру;

27) Департамент құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.08.2023 – 24.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.08.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мәңгілік Ел 8, «Дом Министерств» ғимараты, 15-подъезд, 625 бөлме (zoom платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

87172740417