Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, МКС РК, С-1 санаты (№17-0-01)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

824 323

Жалпы біліктілік талаптары

С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда;

4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Дене шынықтыру және спорт
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Құрылыс
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Спорт менеджменті

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Спорт инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды; дене шынықтыру және спорт, спорт инфрақұрылымы саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруды; спорт инфрақұрылымын дамыту саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды; республикалық спорт объектілерінің құрылысын бақылауды қамтамасыз ету; дене шынықтыру-сауықтыру мен спорт құрылыстарының тізілімін жүргізуді; Комитеттің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың бюджеттік өтінімін, Комитеттің қаржыландыру және қаржы есептілігі жоспарларын дайындауды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың орындалған жұмысы және объектілерді салу көлемін бақылауды; инвестициялық жобаларды іске асыруға және объектілерді салуға бағытталған бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды; еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық төлемдерді бақылауды; ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыруды жүзеге асыру; спорт инфрақұрылымы және қаржы-экономикалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді; спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелеріне халықаралық спорт жарыстарында жарақат және зақым алған кезде өтемақы төлеуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;   спорт инфрақұрылымы саласында инвестициялық жобаларды тарту бойынша ұсыныстар жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.08.2023 – 15.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.08.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 15 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

87172740417