ҚР МСМ, Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс департаментінің бас сарапшысы С-4 санаты (№08-0-02) (уақытша, негізгі қызметкердің 2023 жылғы 21 қарашаға дейін жүктілікке және бала босану бойынша демалысы кезеңіне дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс

Функционалды міндеттер

Министрліктің кызметі туралы ақпараттың және тақырыптық жарияланымдардың тұжырымдары мен жоспарларын жасақтау; Бұқаралық ақпарат құралдарына күнделікті мониторинг жасау, дайджесттер дайындау; Министрліктің ресми-интернет ресурсында жариялану үшін бұқаралық  таныстырылуға арналған материалдарды дайындау (баспасөз хабарламалары, хабарландырулар, сұхбаттар); Министрліктің ресми шаралары, баспасөз конференциялары мен брифингтеріне журналисттерді шақыру мен олардың қатысуын қамтамасыз ету; Министр және Министрлік, оның құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мекемелері туралы жағымды коғамдық пікір қалыптастыру үшін шаралар өткізу; Департамент құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда Баспасөз қызметінің мүдделерін қорғау; Министрді бұқаралық ақпарат құралдарымен тілдесу мәселелерінің аясы бойынша ақпараттандыру; Министрдің блогына келіп түсетін жүгінулер бойынша уақытылы және оперативті жұмысты камтамасыз ету; Бұқаралық ақпарат құралдардан түсетін сұрауларымен жұмыс жүргізу; Министрліктің ашықтығы бойынша жұмыстар жүргізу және материалдар дайындау; ақпарат пайдаланушыларға Министрліктің құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша анық және қажетті ақпарат беру;) «Ашық үкімет» порталында («Ашық деректер», «Ашық диалог»), Министрліктің ресми интернет-ресурсында Министрліктің қызметін үйлестіру, ұйымдастыру және жүргізу; Министерстводан халық жиі сұрайтын ақпаратты талдау және оны ашық қолжетімділікте орналастыруды қамтамасыз ету; ақпарат пайдаланушылардың ресми сұрау салуларына заңмен белгіленген тәртіпте жауап беруді қамтамасыз ету; басшылыққа материалдарды дайындау және Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарына қатысу; ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылау және Комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган уақтылы ұсыну; Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті дайындауға қатысу; мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде Қазақстан Республикасы ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ұсыну үшін «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша есептік ақпаратты қалыптастыру; Президент Әкімшілігі жанындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысында, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша бағалауға ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның қорытындысында («Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша) көрсетілген ұсынымдардың орындау; ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және басқа да құзыретті органдар мен ұйымдарды тарта отырып, мемлекеттік органның қызметкерлерін ақпараттық ашықтық мәселелеріне оқытуды ұйымдастыруға атсалысу; ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органда жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органның бөлімшелерінің, ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмысына ішкі мониторинг және талдауды жүргізу; ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органның бөлімшелерінің, ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмысын жүргізу; Министрліктің интернет-ресурсын толықтыру мониторингін жүргізу; мемлекеттік органдардың Интранет-порталында «Құжаттар кітапханасы» модулін толтыру мониторингін жүргізу; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.07.2023 – 31.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

02.08.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 740417