ҚР МСМ, Креативті индустрия департамент директоры, санаты С-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

824 323

Жалпы біліктілік талаптары

С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда;

4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг

Функционалды міндеттер

Департамент қызметін жүзеге асыру және үйлестіру; Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен олардың қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу; Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Парламенттің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Министрдің, жетекшілік ететін Вице-министрдің, Аппарат басшысының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды, оның ішінде Комитеттің құзыретіне кіретін стратегиялық құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; креативті индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; креативті индустрия саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу; креативті индустрия саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу; креативті индустрия саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуына талдау жүргізу; тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу;  Департаментте құжаттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес оларды ресімдеуді қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыру; Департамент құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.07.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.07.2023 – 24.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 мб

Сұхбаттасу күні

26.07.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

 8 (7172) 740417