ҚР МСМ, Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің бас сарапшысы, С-4 санаты (№05-0-02) (уақытша, негізгі қызметкердің 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Функционалды міндеттер

Қызмет және Министрлік басшылығының тапсырмалары мен бұйрықтарын уақтылы және толық көлемде орындау; Министрліктің құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін орындауды бақылау; Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірыңғай саясатты жүргізу; Министрліктің құзыреті шегінде ішкі ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның ведомстволарының, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Министрліктің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық жоспарларды, ағымдағы және инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру; Министрліктің құзыреті шегінде сыртқы ақпараттық қауіпсіздік аудитінің ұйымдастырылуын бақылау; Министрліктің құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тіркеуді ұйымдастыру; Министрліктің құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдаланатын бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етуді бақылау; Министрліктің «Электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінің АҚ жай-күйін бақылау; Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы техникалық құжаттаманы әзірлеу және енгізу; Қызметтің құзыреті шегінде ақпаратты қорғау құралдары бойынша тиісті өтінімдерді дайындау; Министрлікте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу; Министрліктің құзыреті шегінде Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға беруге қатысу; Министрліктің ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардан өтуі бойынша жұмыстарды үйлестіру; Министрліктің құзыреті шегінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ АҚ қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;  Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының Қызметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша тапсырмалары бойынша комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сөз сөйлеу үшін материалдарды қамтамасыз ету мақсатында анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды дайындауға қатысу; Қызметтің құзыреті шегінде мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; Қызметтің құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау; Қызметтің құзыреті шеңберінде Министрліктің жұмыс регламентін және ішкі тәртіп қағидаларын сақтау; Қызметтің құзыреті шеңберінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен басқаруға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.07.2023 – 25.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.07.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 740417