ҚР МСМ, Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің бас сарапшысы, С-4 санаты (№04-0-02)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Функционалды міндеттер
Құпиялылық режимін қамтамасыз ету; құпия құжаттардың орындалуын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік құпияларды қорғау салалсындағы нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттардың талаптарын орындау бойынша шаралар қабылдау, Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.07.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 740417