ҚР МСМ, Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті, Жобаларды сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (№12-1-02) (уақытша, негізгі қызметкердің 2025 жылғы 18 тамызға дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне дейін)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқармаға жүктелген функциялардың уақытылы және сапалы орындалуыyн жүзеге асыру; жобалық персонал мен бағдарламаға мүдделі қатысушыларды үйлестіруді, консультациялық-әдіснамалық, ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қолдауды, оның ішінде аджайл-форматта апта сайынғы скрам-кесте бойынша жобалар топтарының басшыларымен, акселерация топтарымен, жобалық командалардың басшыларымен және қатысушыларымен бағдарламалардың базалық бағыттарын іске асыру топтарының бірлескен жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыруды қамтамасыз ету: жалпы бағдарлама бойынша, сондай-ақ базалық бағыттар, жобалар топтары, жобалар бойынша түйінді ұлттық индикаторларға қол жеткізуді талдауды қоса алғанда, бағдарламалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; бағдарлама басшысының, кеңсенің алдында бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы, оның ішінде мемлекеттік органның немесе Бағдарламаның тиісті басқарушы комитетінің жобалық офисі деңгейінде шешілмеген проблемалық мәселелер (міндеттердің ушығуы) бойынша апта сайынғы скрам-кездесулерде ауызша баяндама нысанында жедел есептер ұсынуды қамтамасыз ету; бағдарлама басшысына және кеңсеге тікелей жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде электрондық форматтағы ақпараттық тақта арқылы бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы апта сайынғы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету; жобаларға және/немесе жобалардың міндеттеріне дәйекті декомпозициялау жолымен тиісті базалық бағыттар немесе жобалар топтары шеңберінде бағдарламаға жаңа бастамаларды (шараларды) енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу процестерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; барлық жобалық құжаттаманы, есептілікті жүргізуді және қажетті ақпаратты тек қана электрондық форматта, жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде, оның ішінде жобалық құжаттар мен ақпаратты қалыптастыру, жүргізу және сақтау бөлігінде мемлекеттік органдардың жобалық басқарудың үлгілік регламентінің ережелерін ескере отырып орналастыруды қамтамасыз ету; аджайл-форматта бағдарламаларды іске асыру шеңберінде міндеттер мен жұмыстарды орындау үшін жобалық рөлдерді орындаушылар арасында тиімді жедел өзара іс-қимылды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік органның жобалық персоналын ынталандыру жүйесін енгізу және дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету; жалпыұлттық басымдықтың басқарушы кеңесінде қарау үшін материалдар қалыптастыруды қамтамасыз ету; жобалар топтары басшыларының, жобалар басшыларының жобалық қызметінің нәтижелеріне рейтингтік бағалау жүргізуді жүзеге асырады, оның қорытындысы бойынша бағдарламаның басқарушы комитетіне офиспен келісілген әдістемеге сәйкес жобалар топтарының басшыларын, үздік/нашар нәтижелер көрсеткен жобалар басшыларын көтермелеу/жазалау жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; бағдарлама шеңберінде қол жеткізу көзделген және бағдарлама басшысына, базалық бағыттар басшыларына және бағдарламаға кіретін жобалар топтарының басшыларына бекітілген негізгі ұлттық индикаторларды жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жалпыұлттық басымдық мақсаттарының тиісті картасында енгізу және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету; жобалық басқару қызметі шеңберінде Министрліктің архитектурасына енгізілетін жобаларды айқындау және келісу қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Министрліктің актілеріне сәйкес өзге де жұмыстарды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 28.07.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 740417