ҚР МСМ, Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті, Ақпараттық-талдау жұмысы басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (№12-2-03)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Министрліктің алқа отырыстарына дайындау бойынша жиынтық-талдамалық жұмысты жүзеге асыру; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, өзара іс-қимыл жасау; бастапқы ақпарат жинау, компиляция, талдау және Департамент құзыретіне жататын бағыттар бойынша есептерді әзірлеу және уақытылы ұсыну; жетекшілік ететін салалардағы даму деңгейінің ситуациялық талдауын жүргізу; Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік органды одан әрі оны дамыту бойынша ұсыныстарды Департамент басшылығының қарауына енгізу; Министрдің, вице-министрлердің және аппарат басшысының қатысуымен өтетін Президент Әкімшілігіндегі, Үкіметтегі және мемлекеттік органдармен ұйымдастырылатын кеңестерге материалдар дайындау жөніндегі ақпараттық-талдау жұмыстарын жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бойынша хат алмасуды дайындау және жүргізу бойынша жиынтық жұмыстарды жүзеге асыру; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатпайтын сұрау салулары бойынша жиынтық жұмысты жүзеге асыру; Департаменттің, Министрліктің басшылығына, сондай-ақ жоғары мемлекеттік органдарға Министрлік жетекшілік ететін салалардағы ахуалдың дамуы туралы ақпараттық-талдау материалдарын, есептерді дайындау және ұсыну; Департаменттің құзыреті шегінде талдау қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, ведомстволарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау; Департамент құзыреті шеңберінде ресми көздерден алынған деректерді мониторингілеу, талдау және салыстыру, әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, талдамалық ақпарат дайындау; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтардың отырыстарына қатысу; Департамент басшылығының тапсырмаларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың өтінімдері мен өзге де өтініштерін қарастыру; өзінің лауазымдық функцияларын өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға, қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді, қызметтік әдепті сақтау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.07.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.07.2023 – 25.07.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.07.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 740417