ҚР МСМ, Экономика және қаржы департаменті, Мемлекеттік активтер мониторингі және бюджеттің атқарылуы басқармасының басшысы, С-3 санаты (№10-3-01) (уақытша негізгі қызметкердің 2025 жылғы 14 шілдеге дейін бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне дейін)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметінің мониторингісін ұйымдастыру; Министрліктің қарамағына берілген мемлекеттік активтерді басқару бойынша жиынтық-талдамалық қызметті жүзеге асыру; мемлекеттік активтерді тиімді басқару мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Министрліктің ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың жалпы жиналысының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүшелерінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесінің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Бақылау кеңестерінің қарауына шығарылатын мәселелерді қарауға қатысу; Республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуына бақылау бойынша жұмысты үйлестіру; ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттің орындалуы бойынша есептілікті келісу; ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың даму жоспарларын қарайды және талдау; мемлекеттік активтерді тиімді және сапалы басқару мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізу; Министрлікке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ішкі құжаттарын (Жарғы, Министрлікке ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесі туралы ереже, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Бақылау кеңесі туралы ереже) қарастыру; Министрлікке ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңесінің құрамы бойынша Министрдің бұйрығын әзірлеуге қатысу; Министрлікке ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшыларын сайлау бойынша жалғыз акционер шешімінің жобаларын келісу, Министрлікке есепті акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеттесу; Министрлікке келісімдеуге енгізілген акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің жобаларын қарайды. Басқармада құжат айналымының тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.07.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8 ( Zoom платформасы арқылы)
-
8 (7172) 740417