Санитарлық-гигиеналық тораптармен туристер баратын орындарды қамтамасыз ету

МІНДЕТТЕР

- Қазақстанның СГТ орналасу картасын қалыптастыру;

- СГТ павильондарының типтік үлгілерін әзірлеу;

- жекеше әріптесті айқындау тәртібін әзірлеу;

- МЖӘ шартын жасасу тәртібін әзірлеу;

- МЖӘ шарты тараптарының СГТ құру мен ұстауға өзара іс-қимылының схемасын құру;

- жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерін алу тетігін құру;

- ҚР нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу бойынша қажеттілікті анықтау.

КЕЗЕҢДЕРІ

2019 жыл

 

  1. Туристердің жайлы болуын қамтамасыз ету үшін санитарлық-гигиеналық тораптардың (СМУ) болуы қажет туристік қызығушылық орындарын зерттеу және анықтау;
  2. СМУ павильондарының әмбебап үлгілерін әзірлеу;
  3. Санитариялық-гигиеналық тораптарды құру және ұстау бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) жобаларын іске асыру үшін бағдарламалық МЖӘ енгізу бойынша ұсынымдарды қалыптастыру.

 

 

2020 жыл

 

  1. ҚР Үкіметінің қаулысымен Бағдарламалық МЖӘ тетігін қамтитын Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізу.
  2. ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен жеке әріптесті айқындау және МЖӘ шартын жасасу тәртібін бекіту

 

 

2020-2025 жылдар

 

  1. МЖӘ бағдарламалық тетігі шеңберінде МЖӘ (дәретхана павильондарын) салу және қызмет көрсетуге жеке әріптестермен шарттарды анықтау және жасасу.