«Алтын орда»

Тапсырмалар

- Ұлытау өңірінде заманауи туристік индустрия құру, соның ішінде келуге арналған жаңа нысандар салу;

- жекелеген елді мекендер мен Ұлытау өңірінің тұрақты дамуына ықпал ету;

- Ұлытау өңірі тұрғындарының туризм саласындағы құзыреттілігін арттыру;

- Ұлытау аймағының инвестициялық тартымдылығын арттыру;

- Ұлытау өңірінің табиғи, мәдени және тарихи мұрасын сақтауға, мұражай және көрме бизнесі мен қолөнерді дамытуға жәрдемдесу;

- қолайлы туристік климатты құру;

- тарихи және мәдени туризмге қызығушылықты арттыру;

Этапы

2020 жыл;

- туристік маршрутты инвентаризациялау;

- туристік маршрут бойындағы негізгі проблемаларды анықтау;

- туристік бағыт бойындағы проблемаларды шешу;

2021 ж.

- туристік өнімдер шеңберінде дайын туристік маршруттарды белсенді іске асыру.

Мазмұны

Ұлы тарихи, мәдени және табиғи мұрасы бар Ұлытау өңірі - туристер үшін тартымды орындардың біріне айналған.

Ұлытау облысының туристік ресурстары:

- жергілікті халықтың салт-дәстүрлері;

- фестивальдер мен іс-шаралар өткізу;

- тарихи және мәдени нысандар - қалалық ансамбльдер, сәулет және тарих ескерткіштері, мұражайлар, археология ескерткіштері, киелі орындар;

- табиғи нысандар - тартымды ландшафт аймақтары, табиғи және тарихи ескерткіштер, емдік балшық шөгінділері.

Қолданыстағы туристік потенциалды ескере отырып, Жошы хан кесенесі, Домбауыл діни ғимараты, Теректі Әулие, Ақжар бор таулары, Тамды жартасты суреттері сияқты және т.б. облыстың негізгі нысандарын аралаумен 4 туристік маршрут құрылды.

- «Қасиетті Ұлытау» туристік бағыты

- «Хан жолы» туристік бағыты

- «Теректі Әулие» туристік бағыты

- «Қорғасын құпиясы» туристік бағыты.