Kazakhstan travel

Міндеттері

- ішкі және халықаралық нарықтарда туристік бағыттарды жылжыту;

- Қазақстанға саяхатты ұйымдастыру кезінде ықтимал турист үшін қажетті ақпаратты орналастыру;

- бағдарлар, туризм түрлері, туристік сайттар, гидтер мен турфирмалар туралы ақпарат орналастыру;

- оқиғаларының бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру.

Іске асыру кезеңдері

2018 жыл

 

  • kz сайты түгел жаңғыртылып, Kazakhstan.travel деп аталды. Ұлттық туристік порталды жаңарту кезінде Аустралия, Канада, Ресей және Сингапур сияқты елдердің әлемдік тәжірибелері мен озат үлгілер басшылыққа алынды. Талдау нәтижелері бойынша порталдың жаңа құрылымы мен дизайны жасалды.
  • Француз, неміс және қытай тілдеріндегі интерфейс қосылды.

 

 

2019 жыл

 

– Жаңа функционалға ие сервер әзірленді. Атап айтқанда, MICE бөлімі дайындалды.

– Ішкі порталда фотобанк бөлімі жасалды. Жаңа модуль бойынша сүзуге арналған санат тегтері айқындалды және тегтер бойынша 411 фотосурет сұрыпталды.

– Бағдарлар, Жарияланымдар, Пайдаланушы құқықтарын басқару модульдерінің жұмысы жетілдірілді. Брондау бөлімін әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

– Корей тілінде интерфейс, сонымен қатар корей тіліне ауысу мүмкіндігі қосылды. Жарияланымдар мәтінін дауыстық оқу қызметін қосу жұмыстары жүргізілді.

– «Жарияланымдар» модулінің 20 жаңа мақаласы, сонымен қатар тиісті бөлімге арналған туристік объектілер туралы мақалалар жарияланды. Жарияланымдар модуліндегі мақалалар үшін оқыған адамды мағынасы қызықтыратын тартымды айдарлар таңдап алынды.

– Порталға трафикті тарту мақсатында Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазбалар жарияланды, сонымен қатар Facebook, Instagram және YouTube әлеуметтік желілерінде Kazakhstan.Travel порталына трафик тартатын жарнамалар шығарылды. Трафик тарту мақсатында Google іздеу жүйесінде контексті жарнама іске қосылды. Сонымен қатар, көрермендердің назарын порталға аудару үшін видео-тизерлер құрылып, әлеуметтік желілерде жариялау үшін «жанды түсқағаздар» жасалды.

– Дәйексөз келтірудің тақырыптық индексі және PR индикаторлары тексерілді. Пайдаланушы порталда өткізетін уақыттың орташа мөлшері, порталға трафиктің индикаторлары, көру тереңдігі, трафик көздері, порталға кірушілердің көрсеткіштері, іздеу сөз тіркестеріне сұраныс индикаторлары талданды. Талдау негізінде Google және Яндекс іздеу жүйелерінің талаптарына сәйкес сайтты оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

 

2020 жыл

 

– MICE туризмін ұйымдастырушылар үшін meeting planner жасалады және ұйымдастырушыларға ыңғайлы болуы үшін панорамалық фотосуреттері бар барлық конференц-бөлмелердің тізілімдері қосылады. Сондай-ақ, бизнес өкілдерінің өз компаниялары мен іс-шараларды өткізу қызметі туралы ақпаратты жариялауына мүмкіндік бар.

– Биыл Aviata / Chocotravel арқылы билеттерді іздеуге арналған модуль іске қосылғалы тұр. Болашақта қалаған адам порталда авиабилеттерді табу қызметтерін біріктіре алады.

– Kazakhstan.travel порталының негізінде үш мүдделі тарап: мемлекет, бизнес және туристер үшін бірыңғай e-Tourism онлайн терезесін құру жоспарлануда.

Осы топтардың әрбірінде цифрландыру қажеттіліктері бар.

Бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді бір жерден автоматты түрде алу өте қажет. Бүгінгі таңда туроператорларға лицензияны жергілікті атқару органдары береді, отельдерге жұлдызды рейтингтерін ИИДМ береді,  туристік агенттіктер мен гидтердің тізімдері МСМ-да, сыртқа шығатын туристер алымдары өзін-өзі реттейтін ұйымдарда жиналады, ГПО сақтандыру компанияларында ресімделеді, туристер ІІМ-де тіркеледі. Сонымен қатар, шекара аймағына баруға рұқсат алу, ұлттық парктерге кіру үшін төлем төлеу қажет, ол да автоматтандырылмаған. Осы жағдай бизнестің транзакциялық шығындарын айтарлықтай арттырады.

Бизнеске қызметкерлерді оқыту, жеткізушілер мен серіктестерді іздеу, туристік өнімдерді қалыптастыру және жылжыту құралдары үшін қол жетімді онлайн-ресурстар қажет. Алдағы уақытта бизнес өкілдері үшін Kazakhstan.travel порталында e-Learning модулін құру жоспарлануда.

Туризм бизнесіне бейімделудің жоғары деңгейі тән, бірақ бүгінгі күні әртүрлі секторлардың өкілдері (отельдер, туроператорлар, туристік агенттіктер, көлік компаниялары, мейрамханалар мен гидтер) ыңғайлы ақпарат алмасып, туристік өнімді бір жерде құра алатын және кейіннен транзакциялар жасай алатын бірыңғай платформа жоқ.

Туристер, өз кезегінде, аттракциондар, рейстер, автобустар туралы жаңа ақпаратты алғысы келеді және билеттерді брондағысы келеді, онлайн-виза алу, төтенше жағдай кезінде мемлекетпен жылдам байланыс орнату және қолданушы рейтингісіндегі ең жақсы орындарды талдау да олар үшін өте маңызды.

e-Tourism-де туристер ақпарат пен брондаудан тыс, баратын бағдарын өздерінің жеке кабинеттері арқылы модельдей және сақтай алады, туристік компанияны немесе гидті таңдай алады, кері байланыс қалдыра алады, сондай-ақ сенім телефондары арқылы мемлекеттен кері байланыс алады.

Туристерді ынталандыру үшін бейілділік бағдарламасы да енгізіледі, онда жергілікті және шетелдік туристер Қазақстандағы сапарларын алдын ала белгілеп алып, саяхаты үшін ұпай жинай алады. Оны кейін ақысыз билетке, қонақүй қызметін тегін пайдалануға жұмсай алады.

Үшінші мүдделі тарап – мемлекет, оған бизнес және туристермен байланыс, туристік ағындарды болжау және оның деректерін басқа ақпараттық жүйелермен біріктіру, ықтимал инвесторларға тиісті мәліметтер ұсыну үшін аналитика қажет.

Осы деректердің барлығын туристердің сұраныстары және бизнестің белсенділігі негізінде Big Data арқылы алуға болады. Өңірлердегі ең көп баратын жерлердің паспорты, туристердің портреті жасалады, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің аймақтық туристік ақпараттық орталықтармен, аймақтық туризм басқармаларымен және басқа құрылымдармен байланысы орнатылады. Таяу уақытта порталда ішкі және ішкі туристердің талдау мәліметтерін алуы үшін ұялы байланыс операторларының деректерін біріктіре отырып, аналитикалық модуль құру жоспарлануда.

E-Tourism аясында мобильді қосымшасы да бар, ол жоғарыда айтылғандардан бөлек, туристер мен жергілікті тұрғындарға өткізіліп жатқан іс-шаралар, жеңілдіктер және т.б. туралы хабар беріп отырады.