E-hotel
Тапсырмалар
- орналастырудың жаңа тізілімін құру және жүргізу;
- сыртқы және ішкі туризмдегі (Big Data) деректерін талдау;
- Big Data ескере отырып туристік ағымдарды модельдеу және болжау;
- туристік bed tax салығын автоматты түрде есептеу;
- уәкілетті органдарға ақпараттарды автоматты түрде хабарлау
- жүйені орналасу орындарымен байланыс құралы ретінде пайдалану.
Іске асыру кезеңдері
2019 жыл
Жүйені жобалау және әзірлеу үшін «Kazakhstan.travel» ұлттық туристік порталы аясында өнімді жасаудың бірінші кезеңі келесі бағыттарда жүзеге асырылды:
- орналастырудың модульдік тізілімі;
- туристерді тіркеу модулі;
- аналитикалық модуль;
- bed-tax салыығын есептеу модулі;
- орналастыру орындары арасында өзара әрекеттесу модулі;
- тіркеу жазбасының модулі;
- іс-әрекеттерді тіркеу модулі;
- оқиғалы іс-әрекеттерді тіркеу модулі.
Жүйенің әкімшілік бөлігі, E-Hotel модулінің жарнамалық парағы жасалды.
Сондай-ақ, жүйені толтыру бойынша жұмыс жүргізілді, атап айтқанда, мәліметтер базасында желілер мен орналасу жерлері туралы ақпарат бар.
2020 жыл
Өнімді әзірлеудің келесі кезеңі жүйені қажетті ақпаратты алу және беру үшін қонақтарды тіркеу орындары мен сондай-ақ мемлекеттік деректер базасымен («Беркут» АЖ визалық-көші-қон порталы) біріктіруді қарастырады; қосымша функциялар және мобильді қосымшаларды жасау және т.б.
Осы кезеңнің аясында:
- орналасу ақпараттық жүйесі үшін (PMS) API құру;
- ұялы телефон арқылы қонақтарды тіркеуге мүмкіндік беретін Android, iOS нұсқаларын құру;
- қосымша функцияларды дамыту, мысалы, жасанды интеллект енгізу, бұл құжаттарды оқуға және тануға, қонақтарды тіркеу кезінде жүйеде қажетті ақпаратты автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді;
- жүйені мемлекеттік деректер базасымен біріктіретін қауіпсіздік сертификатын дайындау және алу;
- шақыруды қабылдау, тіркеу және шетелдік азаматтардың орыналасқан жері туралы хабарлау процедураларын автоматтандыру мақсатында жүйені Мемлекеттік деректер базасымен және Беркут АЖ-мен біріктіру;
- жүйені Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүзеге асыру, сондай-ақ орналасу орындарындағы мамандарды оқыту.
Мазмұны
E-hotel – бұл келген қонақты тоқтаған орны туралы мәліметті тіркеу және есепке алу жүйесі болып, тоқтау орны туралы маңызды ақпараттар тізімін жасау, сыртқы және ішкі туризм туралы үлкен деректерді талдау (Big Data), Big Data негізінде туристік ағымдарды модельдеу және болжау мақсатында құрылды.
Бұл жүйе bed tax туристік тізімін автоматты түрде есептеуге, уәкілетті органдарға шетелдік туристердің тоқтаған жері туралы автоматты түрде хабарламалар жіберуге, сондай-ақ жүйені орналасу орындарымен байланыс орнататын құрал ретінде де пайдалануға мүмкіндік береді.
«E-Hotel» жүйесін енгізу туристер үшін қолайлы жағдай жасауға, шетелдік азаматтардың келуі туралы міндетті түрде хабарлау талаптарын орындау кезінде орналасу ыңғайлылығын арттыруға, сондай-ақ шетелдіктердің уақытша тұру орындары туралы ақпаратты жинауға, өңдеуге және талдауға арналған электронды жүйені оң ықпал етеді.