Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен қорытынды есеп конференциясы өтті

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен қорытынды есеп конференциясы өтті

Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Ұлттық спорттың жоғары мектебі» ұйымдастырған қорытынды есеп конференциясы өтті.

Іс-шара Қазақстан ұлттық құрамасының ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындығын сүйемелдеу жөніндегі кешенді ғылыми топтың жұмысын қорытындылауға арналды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасарының м. а. Аманбай Нұрмұханбетов, «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының бас директоры Ерлан Ауғанбаев, Ұлттық спорт жоғары мектебінің директоры Қуандық Құдайбергенов, спорт саласына еңбек сіңірген қайраткер Тастанбек Есентаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманжол Әлтай және Қазыбек Әлішев, сондай-ақ кешенді ғылыми топтың жетекшілері мен мамандары қатысты.

Жиында спортшылар мен спорттық жылқылардың функционалдық дайындығының мониторингі бойынша жұмыстың нәтижелері мен психологиялық бағалау қызметтің жұмыстары туралы есеп ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының халықаралық дәрежедегі жарыстарға дайындығының тиімділігін арттыру бойынша перспективті шаралар жүйесі талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ұлттық спортты дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізіп, спортшыларды даярлауда ғылыми көзқарасты нығайтудың және барлық деңгейлерде ұйымдастыру процестерін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.