Пресс-релиз: «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы
«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына өзгерістер енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2023 жылғы 1 қыркүйекте №318 Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2024 жылғы 11 желтоқсанда жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15343175 сілтемесі бойынша орналастырылды.