Пресс-релиз: «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

Пресс-релиз: «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің  кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба)  әзірленді.

Жобамен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығының 1-тармағының 4- тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіру көзделеді.  

Жоба «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) және 43)-тармақшасы сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығының 1-тармағының 4- тармақшасына сәйкестендіруге бағытталған.

Жоба 2024 жылғы «5» желтоқсанда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында www.gov.kz/memleket/entities/tsm  жарияланды.

Жоба 2024 жылғы «5» желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz  орналастырылды.

Қызмет бағыты