Қазақстан Республикасының азаматтары үшін заңсыз лотерея ұтыс ойындары бойынша ақпарат

Instagram, Tik-Tok және WhatsApp әлеуметтік желілерінде бағалы заттардың (машиналар, телефондар және т.б.) заңсыз ұтыс ойындары жиілеп кетті.
Ұйымдастырушы виртуалды лотерея билеттерін сатады. Қажетті соманы жинағаннан кейін кездейсоқ таңдау әдісімен жеңімпазды жариялайды және ұтысты тапсырады (немесе беруге уәде береді). Мұндай ұтыс ойындарында лотерея белгілері бар және заңсыз.
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша 2032 жылға дейін лотереяны өткізуге тек ұлттық лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ ғана рұқсат береді.
Сондықтан Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті лотереяны заңсыз ұйымдастырушыларды лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады.
ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6 және 7-тармақтарына сәйкес лотерея операторы саналмайтын тұлғаның лотерея өткізуі жеке тұлғаларға
100 – АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (ЖК) – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде лотерея өткізу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып жеке тұлғаларға – 200 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (ЖК) – 750 АЕК айыппұл салуға алып келеді.
Бүгінгі таңда Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп жалпы сомасы 36 миллион теңгеге 72 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тағы 45 әкімшілік іс Комитеттің қарауында.
Осы ретте Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті азаматтарды Instagram, Tik-Tok және WhatsApp әлеуметтік желілерінде заңсыз лотереяларды ұйымдастырмауға және қатыспауға шақырады.