Пресс-релиз: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 1- тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің «Ойын бизнесі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі-Бұйрық) әзірленді.
Бұйрықты қабылдаудағы мақсат-ойын бизнесі саласының нормаларын реттеу, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасында көтеріліп отырған баптарды (бұдан әрі – Жоба) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына 1-2 тармақшасына сәйкестендіру.
Бұйрық «е-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және www.tsm.gov.kz министрліктің ресми сайтында орналастырылған.