Пресс-релиз: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі (бұдан әрі-қаулы).
Қаулыны қабылдаудағы мақсат- Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту.
Қаулы «е-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (@turizm_jane_sport_ministrligi ресми сайтында) орналастырылған.
Қызмет бағыты