Пресс релиз: ««Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы
««Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 721 қаулысын (бұдан әрі – қаулы) іске асыру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты - «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінен ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласының мақсаттары мен функцияларын алып тастау арқылы қаулыны іске асыру.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 24 қыркүйекте орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15210718
Бұйрық жобасына жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы 8 қазанға дейін.