ПРЕСС РЕЛИЗ: Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу Қағидаларын бекіту туралы қағидасының жобасы
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1- тармағына сәйкес ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган.
Бұйрықты қабылдаудың мақсаты - ойын бизнесі саласының нормаларын реттеу. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұйрық 2024 жылғы 25 шілдедегі е-gov ашық нормативтік актілердің интернет-порталында орналастырылған.