ПРЕСС РЕЛИЗ: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасы

«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1- тармағына сәйкес  ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган.

Бұйрықты қабылдаудың мақсаты- ойын бизнесі саласының нормаларын реттеу. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасы  (бұдан әрі – Жоба) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына сәйкес әзірленді.

Бұйрық 2024 жылғы 25 шілдедегі «е-gov» ашық нормативтік актілердің интернет-порталында орналыстырылды.