«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Жоба Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ережесін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Масс-медиа туралы», «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен жоғарыда көрсетілген заңдарда бекітілген құзыреттер шеңберінде өзінің функцияларын толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жоба 2024 жылғы 22 шілдеде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15144005 сілтеме бойынша орналастырылды.

Қызмет бағыты