«Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасының пресс релизі

«Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес әзірленді.
Осы Жобаны қабылдау «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-да штаттық дәрігерлердің санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бұл шара паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар құрамының сапасына жағымды әсер етеді және мүгедектігі бар спортшыларды медициналық сүйемелдеу деңгейін арттырады.
Жоба 2024 жылғы 19 маусымда қоғамдық талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15093714