Халыққа және ұйымдарға ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын белгілеу тәртібі

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына және 156-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағасын белгілеу туралы» нормативті құқықтық актісінің жобасын әзірледі.
Осы жобаны қабылдау мемлекеттік кәсіпорындарға бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану мақсаттары үшін өз құзыретіне сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұйымдар мен халыққа өткізуге мүмкіндік береді.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 17 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды.