ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасына

«Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары өзгерістер енгізу көзделеді.
Жоба Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 8 шілдедегі № 13-1-Н нұсқамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2026 жылғы 20 мамырда жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15784886 сілтемесі бойынша орналастырылды.