Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы)
20-тармағына сәйкес 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында реттеуші құрал бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) Лотерея операторының өзінің ресми интернет-ресурсы және лотереялық мобильді қосымшасы арқылы электрондық лотерея билеттерін тарату жөніндегі талаптарды, лотереяны өткізу қағидаларында белгіленген электрондық лотерея билеттерін пайдалана отырып өткізілетін ұтыс лотереясының жүлде қорының ұтыс ойынының белгілі бір уақыт кезеңі, уақыт шегі және аралықтары үшін лотереяның бір қатысушысына өткізілуі мүмкін лездік лотереяның электрондық лотерея билеттерінің саны бойынша талаптарды, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда, білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста, денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында), мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу бойынша нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды.

РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2026 жылғы 18–20 ақпан аралығында «on-line» режимінде өтеді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 15:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.