Пресс-релиз: Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Пресс-релиз: Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 20-тармағына сәйкес 2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында реттеуші құрал бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында көзделген лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу бойынша нәтижелері орналастырылатындығын хабарлайды.

РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2026 жылғы 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында «on-line» режимінде өтеді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 15:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.