Пресс-релиз: РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау

ҚР туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Реттеуші құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидалары (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) негізінде «Спорттық жабдықтар мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық мүкәммалына қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті және «Гимнастикалық спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жабдықтарына қойылатын қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентерің реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылаулар Астана қаласының уақыты бойынша 2026 жылғы 03 ақпан сағат 9.00-ден бастап 05 ақпан сағат 18:30-ға дейін (3 жұмыс күні ішінде) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында, «РӘТ» бөлімінде жүргізу жоспарланып отырғаны туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, Астана қаласы уақыты бойынша 2026 жылғы «05» ақпан күні сағат 15.00-де қосымша видеоконференция өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қатысуға ниет білдірушілер аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін d.muzarap@tsm.gov.kz электронды поштаға жіберуді сұраймыз.
Zoom сілтемесі мүдделі тұлғаланың ұялы телефон нөміріне жолданады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 74-13-90.