Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қоғамдық талқылау

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығы) 20-тармағына сәйкес ү.ж. 13 қазанда сағат 15:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ойын бизнесін ұйымдастырушының банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы мен қозғалысы туралы есептілікті және (немесе) анықтаманы ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген реттеуші құрал бойынша реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижесі орналастырылатындығын хабарлайды:
РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау ү.ж. 13 пен 15 қазан аралығында
online режимінде өтеді.
Сонымен қатар, ү.ж. 13 қазанда сағат 15:00-де РӘТ нәтижелерін талқылау бойынша бейнеконференцбайланыс (Zoom) режимінде кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.