ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 387 және «Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 407 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы

Постер Пресс релиза

Жоба «Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың дамуы, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 19-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын іске асыру мақсатында әзірленді. Аталған нормаларға сәйкес мемлекеттік функцияларды децентрализациялау шеңберінде ОМО құзыретінен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ЖАО құзыретіне мынадай екі функцияны беру көзделген:

-келу туризмі саласындағы туроператорлардың әрбір шетелдік турист үшін шығыстарын субсидиялау;

-тау шаңғысы курорттары үшін жабдық пен техниканы сатып алуға кәсіпкерлік субъектілерінің шығыстарының бір бөлігін өтеу.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге де салдарларға әкеп соқпайды.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді.

 «Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың дамуы, ұлттық жобалар, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 19-тармағы 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қабылдау жергілікті бюджеттердің шығыстарының ұлғаюына әкелді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 83-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жергілікті бюджеттердің шығындары республикалық бюджетте бекітілген сомалар шегінде нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен өтелетін болады.

Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15595662) 2025 жылғы 18 қыркүйекте орналастырылды.

Жобаны көпшілік талқылау мерзімі – 2025 жылдың 3 қазанына дейін.