ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Елді мекендерді спорт ғимараттарымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Елді мекендерді спорт ғимараттарымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығының жобасында (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы №865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 110-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты Елді мекендерді спорт ғимараттарымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту болып табылады, бұл республикалық және жергілікті бюджеттерді сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.