ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 157 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрық жобасы

Канцелярская папка с надписью Пресс релиз

Жоба Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің ережесін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-3-бабының 1-тармағына, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес цифрлық трансформациялауды жүргізу және дербес деректерді қорғау бөлігінде, «Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.12.2024 жылғы № 1087 қаулысына, «Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мемлекеттік саясатының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» мемлекеттік мекемесінің 27.12.2024 жылғы № 31-Қ қаулысына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.