ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасы

«Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы жобасымен (бұдан әрі – Жоба) жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесіне және олардың сыныптамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Жоба басым спорт түрлерінің республикалық тізбесін және өңірлер бөлінісінде басым спорт түрлерінің өңірлік тізбесін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін бекітуді қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда «2025 жылғы 15 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Жоба 2025 жылғы 30 сәуірде жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15522294  жарияланды.

Қызмет бағыты