ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

«Спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасымен (бұдан әрі - Жоба) спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысатын спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану тәртібін айқындау көзделген.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында спорттық іс-шараларға қатысатын спорттық аттарды қадағалау мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 12 мамырда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін мына сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15526015 бойынша жарияланды.