ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы спорт түрлері бойынша спортшылардың жас мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

«Спорт резервін және жоғары сыныпты спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы спорт түрлері бойынша спортшылардың жас мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасымен (бұдан әрі - Жоба) спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жасты айқындау бөлігінде толықтыру енгізу көзделеді.
Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес әзірленді және спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жасты айқындау мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 29 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында талқылау үшін мына сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15521712 бойынша жарияланды.