ПРЕСС-РЕЛИЗ: «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі бұйрығының жобасы

«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 183-VIII ҚРЗ Заңына сәйкес әзірленді.
Жоба спорт саласындағы уәкілетті органның функциялары мен өкілеттіктерінің кеңеюіне байланысты жаңа редакцияда баяндалған Заңға Ережелерді сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Жоба 2025 жылғы «28» сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.